Telegram

2024 жылдан бері · 9 митап · 40 спикер

QazTech Meetup

Қазақша сөйлейтін IT қауымдастығы

Технологиялар туралы ана тілімізде сөйлесетін алаң. Тегін, ашық, барлығына арналған.

Не үшін жиналамыз

  • 01

    Қазақша білім

    IT туралы сапалы контент қазақ тілінде. Аударма үшін емес, түсіну үшін.

  • 02

    Спикерлерге тәжірибе алаңы

    Алғаш рет IT жайлы қазақша сахнаға шығу қорқынышты. Біз тақырыпты таңдауға, құрылым жасауға және дайындалуға көмектесеміз.

  • 03

    Қазақ IT қауымдастығы

    Нетворкинг, тәжірибе алмасу және бір-бірін қолдайтын орта.

40 спикер

Қауымдастықтың спикерлері

2024 жылдан бері тоғыз митапта сахнаға шыққан адамдар. Келесі есім сенікі болуы мүмкін.

Жылжытыңыз — атын көру үшін басыңыз

Сөйлегің келе ме?

Тәжірибең қанша болса да, айтарлық дүниең бар. Бірінші баяндама 10 минут болса да жеткілікті. Қалғанына біз көмектесеміз.

Спикер болу

Баяндама тілі — қазақша.

  1. 1

    Өтінім

    Қысқа форманы толтырасың. Тақырып әзір болмаса да жарайды.

  2. 2

    Қоңырау

    Бірге отырып тақырыпты нақтылаймыз және құрылым құрамыз.

  3. 3

    Дайындық

    Репетиция жасаймыз, сұрақтарды алдын ала пысықтаймыз.

  4. 4

    Баяндама

    Сахнаға шығасың. Зал өз адамдарыңнан тұрады.

Бірге жасайық

Компанияңызбен бірге митап өткізгіңіз келе ме? Алаң, спикер немесе бірлескен іс-шара — бізге жазыңыз.

Бізбен бірге жасағандар: Digital Dala · AlmaU · UIB · MostHub · QazCode · Choco · Activat VC

Не ұсына аласыз

  • Алаң
  • Компаниядан спикер
  • Бірлескен митап
  • Қолдау

Біз не береміз

  • Қазақ тілді IT мамандарының аудиториясы
  • Telegram мен Instagram-дағы жариялау
  • Қазақша техникалық контент және жазба
  • Ұзақ мерзімді қауымдастық байланысы

Сандармен

Митап
9
Баяндама
42
Спикер
40

6 адам

Біздің команда

Митаптардың ұйымдастырушылары

  • Әділхан Тоқтағанов

    Әділхан Тоқтағанов

    Head of Data & Analytics

    QazTech Meetup және FAIO.KZ негізін қалаушы.

  • Нұржанат Даруш

    Нұржанат Даруш

    Data CVM Analyst, BCC

    ex-Tinkoff Data Analyst. ВМК МГУ, 2018.

  • Раушангүл Сарбасова

    Раушангүл Сарбасова

    Risk Analyst, AFR

    ex-EY Data Scientist. NU, Mathematics, 2025.

  • Исангүл Кудратова

    Исангүл Кудратова

    Math Science, SDU University

  • Аружан Разақова

    Аружан Разақова

    System Analyst, BCC

    ex-Tele2 System Analyst. IITU, 2023.

  • Айша Әмірқызы

    Айша Әмірқызы

    Data Science, SDU

    SDU Data Community — Founder & Lead. SDU AI Lab мүшесі.

Жиі қойылатын сұрақтар

Қатысу ақылы ма?

Жоқ, митаптар тегін. Тек орын саны шектеулі болғандықтан алдын ала тіркелу қажет.

Тәжірибем аз, баяндама жасай аламын ба?

Иә. Біз дәл осындай адамдар үшін құрылдық. Тақырыпты таңдауға, құрылым жасауға және репетицияға көмектесеміз. Алғашқы баяндама 10 минут болса да жеткілікті.

Митап қай тілде өтеді?

Қазақ тілінде. Техникалық терминдер ағылшынша қала береді — бұл қалыпты жағдай.

Қайда өтеді?

Алматыда. Әр митаптың алаңы бөлек — университеттер, коворкингтер және серіктес компаниялардың кеңселері.

Серіктес болу үшін не істеу керек?

«Бірге жасайық» бөліміндегі форманы толтырыңыз немесе Telegram-арқылы жазыңыз. Алаң, спикер немесе бірлескен митап — бәрін талқылауға болады.

Баяндамалардың жазбасы бар ма?

Кейбір митаптардың жазбасы мен презентациялары Telegram-арнада жарияланған.